Жаңа полигонға қоқыс тасыла бастады

526

Шымкенттіктер көптен күткен жаңа қоқыс полигонына қаладан шығатын алғашқы тұрмыстық қалдықтар тасымалдана басталды. Естеріңізде болса, 2011 жылы қаладан 25 шақырым жерден жаңа полигон мен қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталған болатын.

000

Төрт жыл дегенде қаланың орталығындағы ескі қоқыс полигоны жабылып, көк түтінге тұншыққан жерлестеріміздің тынысы ашылғалы тұр. Мамандардың айтуынша, күн сайын қаладан 134 көлік қоқыс шығады. Тонналаған қоқыстың жартысы Мәртөбе елдімекеніндегі қоқыс алаңына тасымалданады. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жаңа қоқыс алаңы мен зауытта болып, олардың даярлығын көрді.