Бәйдібек ауданында қызғалдақ фестивалі өтті (видео)

1269

Оңтүстік Қазақстанның Бәйдібек ауданында қызғалтақ фестивалі өтті. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдікті қорғаушылар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Табиғат жанашырлары Сырдария-Түркістан паркінде бас қосып, шығармашылық байқауда бақ сынады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HYdyLiVB_eU[/youtube]

003

IMG_0042

Қызғалтақ – өте сирек кездесетін гүлдің түрі. Соңғы жылдары бұл өсімдіктің жойылып бара жатқанына алаңдаған табиғат жанашырлары гүлді ерекше қорғауға алған. Бұл фестивальдің де мақсаты – Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді қорғап, оларға мейлінше қамқор болу.

IMG_0153

Фестивальге ауданға қарасты мектеп оқушылары қатысып, бес түрлі номинация бойынша бақ сынады. Байқаудың Сырдария-Түркістан паркінде өтуі кездейсоқ емес. Өйткені дәл осы жерде 300-ден аса ерекше өсімдік түрі өседі. Әсіресе сирек кездесетін қызғалтақтың бірнеше түрлерін осында тамашалауға болады.

IMG_9979

Ашық аспан астында шығармашылық өнерлерін көрсеткен оқушылар табиғаттың ғажайыптарын дәріптеп қана қоймады, ерекше көрме ұйымдастырды. Жасөспірімдер осы көрмеде таза табиғи тас, құм, ағаштардан жасалған бірнеше сызба жобаларын ұсынды.

IMG_9968

Сайыстың соңында оқушылар арасындағы табиғат жанашылары марапталды. Нәтижесінде Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлмауға, табиғат сыйына кедергі келтірмеуге өзара бел байласты. Қызыл кілемдей жайылған қызғалдақ гүлін жұлмаған жасөспірімдер оны сырттай тамашалап, суретке түсірді. Серуендеп, шеру өткізді.