Болашақ ақ халаттылар жұмыссыз қалмайды

303

Халықаралық қазақ-түрік университетінің бітіруші түлектеріне арналып бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға облыстық, қалалық ауруханалар мен емханалардың өкілдері қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.

Оған қоса Солтүстік Қазақстан облыстары мен Балқаш, Сатпаев қалаларындағы медицина мекемелерінің өкілдері де келіп, жас түлектерді жұмысқа шақырды.

Айта өтейік, биыл атаулы оқу орнын 465 түлек бітіреді. Акушер-гинеколог және педиатрия мамандықтары бойынша түлектер міндетті түрде резидентурада білімін жалғастырады.

Жәрмеңке аясында түлектер мен жұмыс берушілер келісімге келді. Енді жастар жұмысқа еш кедергісіз орналаса алады деп сендірді сала мамандары.