Сабағына қару алып барған оқушылар ұсталды

486
Фото: //nmgazeta.ru

Шымкентте жасөспірімдер сабаққа қару асынып келетін болған. Шымкент қалалық ішкі істер басқарамасының инспекторлары №39 мектептің 9 сынып оқушысын тапанша алып жүрген жерінен ұстап алды.

Фото: //nmgazeta.ru
Фото: //nmgazeta.ru

Қазіргі таңда жасөспірімнен тәркіленген тапаншаға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеушілер қарудың қайдан шыққанын анықтауға кірісті.

Осы рейд барысында №2 мектептің оқушысы да қолға түсті. Ол пышақ алып, сабаққа баруды әдетке айналдырған. Енді балаларының суық қару алып жүргені үшін, ата-аналары жауапқа тартылады.

Айта кету керек, Шымкентте жасөспірімдердің суық қару мен атылатын қару ұстап жүруі жиілеп кеткен. Жақында ғана тапанша алып жүрген екі жеткіншек ұсталған еді.