Úı Jańalyqtar Шымкентте сенбілік өтті

Шымкентте сенбілік өтті

Сенбі бүкіл облыс аумағында жалпы халықтық сенбілік өтті. Оның ішінде Шымкенттің тазалығына атсалысқандар көп болды. Әр мекеме өзіне тиесілі аймақты тазалап, көріктендіруге үлес қосты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cQm2yghMfJg[/youtube]

002

Солардың бірі — мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары. Салықшылар дендрологиялық саябақты тазалады. Экологиялық сенбілікке 400-ден астам қызметкерлер қатысып, арнайы техникалар да болды. Салықшылар алар ағаш отырғызды, қыстан қалған қураған жапырақтарды тазалады, қураған бұтақтарды қырықты.