Шымкентте жемқорлықпен күрес акциясында ақша таратылды

008

Бүгін Шымкентте «Жемқорлыққа қарсы бірге күресеміз» атты акция өттті. Іс-шараның ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ОҚО бойынша жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=eUek4yEFXQo[/youtube]

 

Жемқорлықпен күресушілер көшеден өтіп бара жатқан тұрғындарға 10 мың теңгелік ақша таратты. Нағыз ақша емес, теңге түрінде жасалған үндеулер мен парақшалар.

006

Онда параны бермеуге және алмауға шақырған ақпарлар жазылған. Сонымен қатар дәл осындай заңсыз жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу хабарласа алатын байланыс нөмірлері көрсетілген. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар заңсыз жағдайлардың азаюына септігін тигізеді деп отыр.