Мейірбикелер күні

3289

Бүгін облыстық балалар ауруханасында халықаралық медбикелер күні атап өтілді. Бас дәрігер мамандарды құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті және концерт ұйымдастырылды.

008

Бүгін барлық медициналық мекемелерде жұмысы аса шыдамдылықты талап ететін мейірбикелердің мерекесіне орай шаралар өтіп жатыр.

Түс ауа халықаралық медбикелер күніне орай қазақ драма театрында салтанатты шара өтті. Оған облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс жасайтын барлық фельдшерлео, акушерлер және мейірбикелер қатысты.

Айта өтейік, өңірімізде 22 мың медицина қызметкері бар болса, оның 60-70 пайызын орта буын мамандары құрайды. 10 мың мейірбике ауылдағы ағайынның саулығына жауапты. Мейірбикелер күні осы салада белсенді жұмыс жасайтын мамандардың еңбегі ескеріліп, мараппатталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=x_QEf2aexa8[/youtube]

Ал ең үздік фельшер аталымы бойынша бірінші орынды қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының маманы Дәурен Елтаев жеңіп алды. «Ең үздік акушер» атына Ордабасы аудандық ауруханасының акушері Жанар Сағымбаева лайық деп танылды. Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!