Шымкентте «Қауіпсіздік селфиі» акциясы өтті

427

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Қауіпсіздік селфиі» акциясын өткізді. Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу бойынша республикалық «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты жедел іс-шарасы «Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру» туралы БҰҰ бас ассамблеясының қолдауымен жол қозғалысы қауіпсіздігінің үшінші ғаламдық аптасы аясында өткізілді. Бұл туралы ішкі істер департаментің баспасөз қызметі хабарлайды.

001 (2)

Бүгінгі таңда балалардың түрлі келеңсіз жағдайларда жарақат алуын шектеу ішкі істер департаментіне қарасыт әкімшілік полиция басқармасының жол патрульдік полиция полкінің жұмысының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

 

Жыл басынан бері Оңтүстікте балалардың қатысуымен 128 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 8 бүлдіршін дүние салып, 123 бала әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды.

Осы мақсатта әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігінің ғаламдық аптасының қолдауымен жалпы білім беру мекемелерінде «Қауіпсіздік селфиі» акциясын өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты балалардың жолдағы қауіпсіздігі болып табылады. Бұл үшін дүние жүзі бойынша #SaveKidsLives хэштэгі де енгізілген.

001 (1)

Нақты айтқанда, Шымкент қаласындағы № 30 орта мектептде «Қауіпсіздік селфиі» атты акцияны өткізу барысында полиция қызметкерлері 2 және 4-сынып оқушыларына плакаттар тапсырып, олар өмірі мен қауіпсіздігі туралы өздерінің өтініштерін жүргізушілер мен үлкендерге жеткізуі қажет екенін атап айтты.

001 (3)

Содан соң балғын жаяу жүргіншілер полиция қызметкерлерінің алып жүруімен жолдар мен көшелерге шығып, өздерінің өтініштерін жүргізушілерге таратып, содан соң «селфиге» қатысты.

001 (4)

Суреттер БҰҰ жол қозғалысы қауіпсіздігінің үшінші ғаламдық аптасын ұйымдастырушысына табысталады. Сонымен қатар акция барысында тәртіп сақшылары 30-дан астам оқушыларға сәуле түскенде жарық беретін білезікті сыйға тартты.

001 (5)

«Жүргізуші – жаяу жүргінші» атты республикалық кең масштабты жедел-алдын алу іс-шарасы Оңтүстікте 2015 жылдың 4-30 мамыр аралығында өткізіледі. Бұл іс-шара жүргізушінің және жаяу жүргінші тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруға бағытталған.