Қоқыс зауыты ашылады

507

Шымкентегі алғашқы қоқыс өңдейтін зауыт жақын күндері іске қосылады деп жоспарланып отыр. «Орион — жаңа техналогиялар» серіктестігі салып жатқан нысан маусым айының 26 жұлдызы күні жүйелі жұмысқа кіріседі деп күтілуде.

Ресейлік технологиямен бой көтерген зауыт тәуілігіне 500-600 тонна қатты тұрмыстық қалдықты өңдейді. Бүгінде өндіріс орынына қажетті техникалар толығымен жеткізіліпті. Жұмысқа қабылданған мамандар қондырғыларды пайдалануды меңгеріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұл зауыттың құрылысы осыдан төрт жыл бұрын басталған болатын. Алайда түрлі себептермен сағызша созылып, шаһардағы сақалды құрылысқа айналды. Әзірге жаңа қоқыс алаңына жеткізілген қалдықтар өңдеусіз жатыр.