Ақ халатты жандар алғыс алды

367

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында облыс мәслихатының хатшысы Құдайберген Ержан сала мамандарын қабылдап, айрықша құрмет көрсетті. Ел денсаулығын жақсартуға ерекше үлес қосып жүрген ақ халаттылар алғыс хаттармен марапатталды.

005

Ерекше құрметке ие болғандардың қатарында Шардара аудандық ауруханасының хирургы Стамбек Мирзадинов, облыстық диагностикалық орталықтың дәрігері Людмила Кулиева бар. Мәслихат хатшысы, сондай-ақ, облысымыздағы ауруханалар мен емханаларда қызмет етіп жүрген сегіз маманның еңбегін елеп, сыйлықтар табыс етті.