Алматылық футболшылар «Дельфин» аквабағында қонақта болды

338

«Дельфин» аквабағы демалысқа шақырады. Шомылу маусымы басталғалы бері мұнда жерлестерімізбен қатар меймандар да жиі келетін болған.

Бұл жолғы қонақтар арасында алматылық белгілі футбол ойыншылары да болды. Алыстан ат терлетіп келген былғары доп шеберлерін «Дельфиннің» қонақжай әкімшілігі қарсы алды.

Алматылық футболшылар үшін ауыр ойын болды бұл күні. Аптап ыстық пен шымкенттік шебер қарсыластар олардың жеңіске деген үмітін сөндіргендей. Есесіне спортшылардың көңіл күйін көтеруге шаһардың танымал демалыс орны дем берді. «Дельфин» аквабағында алаңсыз серпіліп қалды.

8193

Платон Шост, футболшы: «Бүгін біз үшін қиын ойын болды. Бірақ мойымаймыз. Қазір «Дельфинге» келіп, бірауық демалып, аптығымызды басып жатырмыз. Шымкентке алғаш келіп отырғандықтан, ертең осы тыныққан күшімізбен жолға шығамыз деген ой бар.»

Алматылық меймандар мөлдір судың керемет көрінісіне куә болды. Мәз-мейрам болған балалар жауапты кездесу барын уақытша ұмытты. Ал жаттықтырушы бастысы ойыншыларым ойда-жоқта рахатқа кенелді деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yXu3lNPIsXM[/youtube]

Азат Нілдібаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы: «Менің ойымша, мынадай тынығу шарасынан кейін спортшылардың жеңіске деген құштарлығы артады. Ойынға ғана емес, өмірде де көшбасшы ретінде қалыптасуына сеп болады.»

Кішкентай спортшылардың «Аквабақта» осылай тынығып, демалуының нәтижесі де жоқ емес. Бірнеше сағаттың ішінде олардың жүздері бал-бұл жайнап, жігерленіп алды. «Дельфиндегі» жанға жайлы жағдай мен мөп-мөлдір су және түрлі ойын үшін жасақталған жиһаздар келушілердің көз жауын алады. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін басты жан сарайына айналған.