Ауласында көкнәр өсірген азамат ұсталды

837

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкнәр-2015» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер құрамында есірткі заты бар көкнәр мен сора егістігін жойды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

3

Бұл рейд облыс аумағында 1 маусым мен 30 қазан аралығында «өтіп жатыр. «Көкнәр-2015» іс-шарасының үш күні ішінде оңтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз есірткі айналымына қатысты 12 фактіні анықтады.

Сондай-ақ, құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірудің 5 дәйегі анықталып, 8 қылмыстық іс қозғалып, 10 құқықбұзушы ұсталды. Заңсыз айналымнан 19 келіге жуық есірткі заты және құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 2818 түрі тәркіленді.

9

Нақты айтқанда 1 маусым күні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Мақтаарал ауданының 44 жастағы тұрғынының ауласынан өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді анықтап, жойды.

6

Тексеру барысында тәртіп сақшылары 44 жастағы күдіктінің үйінің ауласынан 2400 түп өсімдік және кептірілген 2 қап сора тәркілеген.

Сот-криминалистік сарапта айғақты заттың көкнәр екенін анықтап берді. Оның ішінде 13 түп сора өсімдігі және 3 келіден астам кептірілген көкнәр өсімдігі де бар.

Осы факті бойынша қылмыстық кодекстнің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.