Б.Оспанов Түркістан қаласында жұмыс сапарымен болды

463

Облыс әкімнің бірінші орынбасары Берік Оспанов жұмыс сапарымен Түркістан қаласында болды. Шаһардағы биыл жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарымен танысып, тұрғындардың талап тілектерін тыңдады.

Облыс басшысының бірінші орынбасары өзі жетекшілік ететін құрылыс саласының тоғыз нысанында болып, олардың жұмыс жүру барысымен танысты. Оның алғашқысы Кентау тасжолы бойындағы қосалқы стансасы болды. Сонымен бірге балабақша, мектеп, электрмен қамтамасыз ету нысандары да бар.

006

Тұрғындарды сапалы жарықпен қамту Түркістанда күн тәртібінен түспеген мәселе екенін тағы бір еске түсірсек, 2014 жылдың қарашасынан бастап іске қосылған қосалқы станса Тұран ауылындағы тұрғын үйлер мен жаңа балалар емханасын толық қамтыған. Бұл жерде су аққысының құрылысы жүріп жатыр.

Атқаратын қызметі – Кентаудан Түркістанға келетін тіршілік көзін жинақтап, халыққа сапалы су тарату. 2013 жылы басталған нысанды биыл іске қосу жоспарланған.

Жалпы 2014 жылы Түркістанда жалпы құны 4 млрд 200 млн теңгені құрайтын 21 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның төртеуі өтпелі. Соның бірі – Жүйнек ауылдық округіне қарасты Шыпан елдімекеніндегі орта мектеп.

Берік Оспанов құрылыстың сапасына мән беріп, кем-кетігін түгендеуге тапсырма беріп, қала әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындарды толғандырған мәселелері төңірегінде қабылдап, корытынды жиын өткізді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі