Ретсіз саудамен күреске полицейлер де араласты

219

Ретсіз сауданы жоюға Қаратаулық полицейлер мен шенеуніктер те кірісті. Бұл жолы аудан әкімдігінің қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп, Сайрам ауылының көшелерін аралады.

003

Тәртіп сақшылары үшін бұл үйреншікті тексеруге айналған. Бұған дейін 60 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттық деп отыр. Сатушылар осындай заңбұзушылыққа екінші рет жол берсе, айыппұл көлемі екі еселенеді.

Сайрам ауданынан Шымкент аумағына қосылған бұл елдімекен тұрғындары тексерушілерге қарсылық көрсете қойған жоқ. Істерінің заңсыз екенін де тез мойындады. Шымкент саудагерлері секілді қарсылық көрсетіп, жаға жыртысып жатпай, тез арада заттарын жинастыруға кірісті.

Сайрам ауылын сауда-саттықсыз елестету мүмкін емес. Ежелден солай қалыптасқан. Жергілікті жұрттың дені диханшылық пен мал өсіруге бейімделген. Сөйтіп, тер төгіп алған өнімін өздері саудаға шығарады. өзін-өзі асыраудың нағыз үлгісі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kipDFZobt5E[/youtube]

Алайда, тауарын сатуға қатысты заңға бағынуға келгенде құлықсыз. Ал заңсыз саудамен күресушілер белгіленбеген орынға шыға салып жаймасын жайып, сауда жасауға жол берілмейді дейді. Бұл талап тек қалалықтарға емес, тұрғын алыбына да қатысты. Заңға қайшы әрекет жасағандарға шара көріледі. Осыны алға тартқан полицейлер ондаған пысықайға қатысты хаттама толтырды.

Марат Әмірбеков, Қаратау ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы: «Жыл басынан бері 1 млн 200 мың тенгеге әкімшілік айып салынды. Хаттаманың басым бөлігі әкімшілік заң бұзушылықтың 242-бабы, яғни, ретсіз сауда және 505-бап – жармаманы ілгені үшін жазылған.»

Жарты күнде 20-дан астам саудагерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Келесі рейд тассайлық саудагерлермен күреске арналмақ.

Нұрлан Жаңабай