Саз колледжінің концерттік залын ашуға Нұржамал Үсенбаева келді

920

Оңтүстік Қазақстан облыстық саз колледжінің ұжымы енді есеп беру кештерін өз өнер ошағында өткізетін болады. Оқу орнының жанынан жаңадан концерт залы салынып, пайдалануға берілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W_C3loXrxVI[/youtube]

Колледж басшылығының айтуынша, жаңа ғимараттың бой көтеруіне еліміздің Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның өзі бастамашы болған.

Саз колледжінің жаңа концерттік залы
Саз колледжінің жаңа концерттік залы
Кешті оқу орнының студенттері жүргізді
Кешті оқу орнының студенттері жүргізді

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков те арнайы қатысты
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков те арнайы қатысты

Саз колледжінің ұжымы концерттік залды жарты ғасырдан астам уақыт бойы күткендерін айтады. Енді мұнда студенттер көптің алдында өнер көрсетіп, байқауларға дайындығын пысықтайды. Қазірдің өзінде залда бітіруші студенттер мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр. Түлектер жаңа сахнаны көптен күткен болатын.

Фархад Майқанов
Фархад Майқанов

Фархад Майқанов, студент: «Әрине, мұндай үлкен залға шығып, өнер көрсету үлкен арман, сондай бір бақыт деп ойлаймын. Біз бұрын қиналатын едік, бұрынғы залымыз сәл тарлау еді, студенттер концерт тамашалайтын орындықтар да аз еді, көрермендер амалсыз түрегеліп тұратын. Қазір мұнда барлық жағдай жасалған».

Өнер ұжымы 300 орынды концерттік залдың ашылу салтанатын дүркіретіп атап өтті. Мәртебелі шараға жергілікті билік өкілдері мен танымал өнер жұлдыздары, өңірдің мәдениет қызметкерлері арнайы шақырылды. Олардың арасында саз колледждің түлегі, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева да бар. Опера әншісі кешке өзі келіп қатысып, жаңа сахнаның шымылдығын түрді.

Мәдени нысанның құрылысы осыдан 1 жыл бұрын басталған еді. Оның құрылысына бюджеттен 151 млн 250 мың теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттің осындай қолодау көрсетуінің арқасында енді талай жастың өнері шыңдалатын болды.

ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева
ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева

DSC_5044

колледж студенттері өнерлерін ұсынды
Колледж студенттері де өнерлерін ұсынды
Кеш қонақтары
Кеш қонақтары ән тартуын жолдады

Ұлықбек Мәжитов, Оңтүстік Қазақстан облыстық саз колледжінің директоры: «Құрылыстың барысын басынан бақылап отырдық. Барлығы жаңа, заман талабына сай. Залдың қаладағы өзге де нысандардан ерекшелігі – дыбыс акустикасы талап бойынша таза, сапалы. Яғни, әртістің дауысы жаңғырықсыз көрерменге анық жетеді де, сахнаға қайта оралады. Бұл, әсіресе, бекзат өнер классикалық ән жанрларының дамуы үшін үлкен жағдай, мүмкіндік деп білемін».


Айта кетейік, бүгінде 57 жылдық тарихы бар колледжде 322 студент білім алады. 140 педагог қызмет етеді. Енді ұжым көпке есеп беру үшін ауқымы кең кешті жиі ұйымдастырып тұрамыз деп отыр.