Шымкентте балалар мерекесі қарсаңында жаңа балабақша ашылды

1 маусым – балалар мерекесі қарсаңында қаламызда тағы бір балабақшаның тұсауы кесілді. Заманауи мекеме  «XXI ғасыр» деп аталады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=COn7vMX2QiA[/youtube]

Элиталы балабақша Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледж басшылығының қолдауымен ашылып отыр. Бұл күні ертегі кейіпкерлері бөбекжайдың алғашқы келушілерін асыға қарсы алып, көңілдерін көтерді. Енді кәсіби педагогтар жарық әрі заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинеттерде балдырғандарды қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқытатын болады.


Наталья Шмелева, әдіскер:» Балабақшада ең үздік және ең тәжірибелі педагогтар, тәрбиешілер жұмыс жасайды. Олар өз істерінің шебері. Мұнда балалар үшін өте ыңғайлы. Күніне 5 рет тамақтанады, табиғи сусындар береміз. Спортқа баулимыз».

Элиталы балабақшаға 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер қабылданады. Олар үш жыл бойы бөбекжай қабырғасында тәрбиеленеді.

Айта кетерлігі, жақын күндері үш жасқа дейінгі балалар үшін арнайы жабдықталған бөлмелер пайдалануға берілмек. Және колледж басшылығының бұл білім саласын дамытуға арнаған соңғы жобасы емес.

Ифтихар Юнусов, ОҚПК президенті: «Жыл сайын түрлі білім беретін мекемелерді ашуды жоспарлап отырмыз. Ал болашақта бастауыш мектеп ашамыз. Қазір ғимараттың құрылысы жүріп жатыр».

200 орынды «XXI ғасыр» мектепке дейінгі мекемесінде тілдік бағдарламаларды дамытумен қатар спортты насихаттауға ден қойылған. Бүлдіршіндер бірнеше спорт түрлерімен айналысып, үйірмелерге қатыса алады.