Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі жаңа мамандықпен толықты

493
шеберлік-сабаққа студенттер ғана емес, мектеп оқушылары да қатысты
Айнұр Сабырова
Айнұр Сабырова

Айнұр Сабырова қолөнер шеберлік сабағына алғаш рет қатысып отыр. Сондықтан ұстаздың үйреткен тәсілдерінен көз алмай, қайталауға тырысып бағуда. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын меңгеріп жүрген студент осы өнер саласы болашаққа қажет деп санайды.

Айнұр Сабырова , ОҚПК студенті: «Мен қорапша мен кәрзеңке жасап отырмын. Әрине, қиындау екен. Әзірге газеттің парақшаларымен жасаудамыз. Менің болашақ өміріме бұл қолөнер саласы өте қажет деп есептеймін. Себебі үйімізді реттеп-әспеттеуде де, киімдерімізді тігіп алу үшін де, жалпы, кез келген қажеттілігімізді жасауда қолөнрдің пайдасы мол. Кейін балаларымды да осы өнерге баулимын деген ойдамын. Қай заман, қай кезде де дизайн сұранысқа ие.»

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде шеберлік сабағы алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Мұнда болашақ педагогтар үшін түрлі үйірмелер қолға алынған. Ал бәрінен бұрын Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі биыл жаңа мамандықпен толығып отыр. Дизайн саласы. Қазір талапкерлер қабылданып жатыр. Қоғамның үлкен сұранысына ие саланы енді осы оқу орнынан меңгере аласыз.

Виктория Юрьевна,  еңбекке баулы және технология пәнінің мұғалімі: «Біз бәріміз әдемі киінгіміз келеді, әдемі заттарды тұтынғымыз келеді. Ең бастысы, үйіміздің де сәнді болып тұрғанын қалаймыз. Осы орайда қолөнер мен дизайн ауадай қажет. Ал маманның көмегіне жүгінсең, оның талғамы немесе қызмет құны қымбат болуы мүмкін. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжді тәмәмдап шыққандар бір емес, 2 бірдей саланың мамандығын алып шығады.»

шеберлік-сабаққа студенттер ғана емес, мектеп оқушылары да қатысты
Шеберлік-сабаққа студенттер ғана емес, мектеп оқушылары да қатысты

Шеберлік сабаққа мектеп оқушылары да арнайы шақырылған. Шәкірттер колледж ұжымымен ғана танысқан жоқ, қолөнердің тамаша туындыларын үйренді.

Маржан Саматова, №24 мектептің оқушысы: «Маған үйде отырып-ақ дүкендегі дүниелерді жасаған ұнайды. Оны қамбат ақшаға сатып алғанша, өзің ойыңдағыдай жасап алғанға не жетсін?! Маған осы колледждегі ұстаздардың сабақ өту барысы да ұнады. Бар зейінімен түсіндіреді. Сондықтан, болашақта үздік маман болу үшін осы оқу орнына құжаттарымды тапсырамын.»

 

 


Қабырғасы қаланып, шәкірт тәрбиелеп жүргеніне 10 жыл толып отырған Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде бүгінде 2000-ға тарта студент білім алып келеді. Колледж ұжымы педагогтар тәрбиелеуде облысымызда көш бастап тұрған арнаулы оқу орының біріне айналған.