Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің түлектері диплом алды

588
ОҚПК-ны 256 түлек тәмамдады

Шымкентте білімді жастардың қатары көбейді. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің 256 студенті білімін дәлелдейтін құжатқа ие болды. Ұстаздарды даярлауда озық нәтижелерімен көрініп, бірегей оқу орындарының қатарынан табылып отырған ұжым түлектерінің кешенді тестілеуден де үздік көрсеткішке қол жеткізетініне сеніп отыр.

Түлектердің бал-бұл жайнаған жүздерінен-ақ бүгінгі қуанышты сәттің сырын ұғуға болады. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің 10 жылдық мерейтойы аясында бұл түлектер білімді жас мамандардың қатарын толықтырды.

Назерке Оспанова үздік диплом алды
Назерке Оспанова оқуды үздік дипломмен бітірді

Назерке Оспанова: «Өте қуаныштымын, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мұғалімдеріме алғысымды білдіремін. Өздерінің білгендерін үйрете білді. Бүгін, міне, қызыл диплом алып отырмын. Қазақ тілі және әдебиеті маманы атандым. Алла бұйыртса енді осы мамандықты жалғастырамын, тағы да оқимын, университетке түсемін. Болашақта Шымкент қаласындағы мектептердің біріне жұмысқа тұрамын деп отырмын.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iOpAv51ryw0[/youtube]

Дәл осындай диплом бұл күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің 256 түлегіне табысталды. Оның 52-сі – үздік дипломның иегері. Мерекелік шарада шәкірт тәрбиелеп, республикалық, халықаралық сайыстарда жетістікке жеткен ұлағатты ұстаздар қауымы да марапатталды. Осындай құрмет-құттықтаудан түлектерді тәрбиелеп-өсірген ата-аналар да шет қалмады. Оларға арнайы алғыс-хат әзірленіпті.

ОҚПК-ны 256 түлек тәмамдады

Гүлнәр Ибрагимова, ОҚПК директоры:» Біздің түлектер – біздің мақтанышымыз. Өткен жылы бір түлегіміз Алматы қаласындағы конкурсқа қатысып, мұғалімдердің арасында «Үздік оқытушы» деген атақты жеңіп алды. Және көптеген мемлекеттік жоғарғы оқу орнына түскен бітірушілеріміз үшін алғыс хаттар толассыз келіп жатыр. Жақсы тәрбие мен үздік білім бергендеріңіз үшін деген сөз жолдарын оқығанда марқайып қаламыз. Осы биыл колледжімізді тәмамдаған түлектердің де болашақта түскен оқу орындарынан осындай алғыс хаттар келеді деп күтіп отырмыз.»

Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің ұжымы ақпараттық технлогиялар, қызмет көрсету, экономикалық, педагогикалық сынды бағыттардан 15 мамандық бойынша біліп беріп келеді. Және оқу орнының 1200-ден астам студенті бар.