Шымкенттегі сұмдық жол апатының кесірінен 13 адам мерт болды

335

Шымкентте сұмдық жол апаты орын алып, соның салдарынан 13 адам мерт болды. Қайғылы жағдай «Алматы – Термез» бағытындағы тасжолда, Бозарық елдімекеніне жақын жерде болған.

002

Бұл жерде Хово жүк көлігі мен Мерседес Спринтер жолаушылар көлігі соғысып қалған. Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері алдын ала болжам бойынша шағын автобустың жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін деп отыр.

001

-Екі автокөлік те бір бағытта кетіп бара жатқан, – дейді ОҚО ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова. – Жүк көлігінің жүргізушісі сол жақтағы жанармай бекетіне бұрылмақ болады. Сол кезде Мерседес шағын автобусының жүргізушісі басып озбақ болғанымен, жүк көлігімен соғысып қалады. Қазір тексеру жұмыстыр жүріп жатыр. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

003

Қазір жол апатының салдарынан көз жұмған адамдардың саны 13-ке жетті. Олардың жетеуі оқиға орнында, екеуі ауруханаға апаратын жолда мерт болса, 4 адам аурухананың жансақтау бөлімінде дүние салды.

005

Марқұмдардың арасында 9-12 жастағы бала мен бір Өзбекстан азаматы бар. Өзгелерінің аты-жөні анықталу үстінде.

004

Үш адам жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық балалар ауруханасына 4,5 және 7 жасар үш бүлдіршін жеткізілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hVfkAxDfWxo[/youtube]

Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Ал Мерседестің 46 жастағы жүргізушісі де жансақтау бөлімінде жатыр. Ол Жамбыл облысының тұрғыны екен. Тәртіп сақшылары техникалық сараптама да жүргіземіз деп отыр.