Тағы да көлік өртенді

177

Кешкі сағат 18:00 шамасында Ғ. Іляев көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында көлік өртенді. Мұнда Митцубиси көлігі жанып кетті. Ішінде екі жолаушы мен жүргізуші болған.

009

Абырой болғанда барлығы сыртқа шығып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер 5 минуттың ішінде келіп, 2 минутта тілсіз жауды сөндірді. Дегенмен, көліктің тұмсығы толығымен дерлік жанып кетті.