Құқығы тапталған қазақстандықтар жетерлік

466
Фото: //knews.kg

Шетел асып, еңбек ететін қазақстандықтар қатары толастамай отыр. Оның басым бөлігі еңбек қанауының құрбандары болып кетеді.

Оңтүстікте жыл басынан бері екі мыңға жуық азамат дағдарыс орталығының көмегіне жүгінген. Олардың арасында әйел баласының саны көп. Басым бөлігі психологиялық, экономикалық, жыныстық қысым көрген.

Ал ер-азаматтар адам саудасының негізігі белгісі болып саналатын еңбек қанаушылықтың құрбаны болған. Тұрмыстың тарлығынан өзгеге алданып, ақысыз жұмыс жасаған. Енді бір бөлігі шетел асып, туған еліне қайта алмай қысым көрген.

Бұл туралы Абай аудандық әкімдігі және «Сана-сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігінің жиынында мәлім болды. Жаға ұстатар жәйттерді жайып салған жиын барысында жиналғандарға түсіндірме парақшалары таратылып, құқықтық кеңес берілді. Әйел құқығының қорғалып, беделін түсірмеу әрбір азаматтың парызы екені айтылды.

Ардақ Жақсылықова