Арық-атызда су аз

1433

005

Абай ауданындағы көп қабатты үй тұрғындары арықтарға су келмей, ағаштарымыз күз келмей қурап жатыр дейді. Қошќар ата өзені мен Қарасу каналдарының аралығында үй аулаларын аралап өтетін су азайып қалған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dC0D-JN49Rg[/youtube]

 

Қошқар ата өзеніне бастау алатын қашыртқы арықтың суы көп қабатты үй аулалары арқылы ағып, Қарасу каналына құяды. Бірақ биылғы жазда Қалдаяқов және Гагарин көшесінің тұрғындары осы арықтан тамшы су таппай қор болғандарын айтады. Арыздарын арқалап Абай ауданы әкімдігіне біршеше рет барыпты.

007

Абай ауданы басшыларының айтуынша, арық қоқыстан тазартылған. Қаланың ирригациялық жүйесіне жауапты «ЛТД тұрмыс» ЖШС өкілдеріне шлюзді ашып, су деңгейін көтеруге ұсыныс берген. Алайда бүгін ғана мекеме мамандары өзен суының деңгейін көтеріп, қоқыстан туындаған кептелістерді ашуға кірісті.

006

Бұл арық – көп қабатты үй аулаларындағы тал-дараққа нәр беретін қаладағы жалғыз су көзі. Мамандар шаһардағы 36 дренаждың басым бөлігін жаз айында өшіретіндерін, жұмыс жасап тұрған санаулы жер асты су көзінен саябақтарды суаратындарын жеткізді. Ал жерлестеріміз бүгінгі сарқырап аққан су көзіне шүкіршілік етіп отыр.

Нұрлан Жаңабай