Ащысайда қырылған малдан індет табылмады

607

ОҚО-да қырылған малдардан ешқандай індет белігісі табылған жоқ. Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылдық округіндегі өлген малдан сынамалар алынып, зертханада тексерілген. Нәтижелер тұяқтылардың ешқандай қауіпті індетке шалдықпағанын көрсетті.

00616

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, қырылған мал көктемгі суыққа шалдыққан. Осы салаға жауаптылар зертханаға жеткізілген өлекселердің қарайған тыныс алу органдарына қарап, осылай пайым жасап отыр. Сондай-ақ мамандар өлекселердің санына қатысты мәліметті де жоққа шығарып отыр.

009

Кейбір БАҚ құралдарында өлген малдың саны 500 бас деп көрсетілген. Алайда, қырылған малға қатысты арнайы түсініктеме берген жауаптылар қырылған малдың саны 24 деп сендірді. Мамандар жергілікті халық мемлекеттен өтемақы алу үшін өлген малдың санын артық айтқан дейді жауаптылар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mqRRI75K1og[/youtube]

Айта өтейік, мал ауруының алдын алу үшін өңірде аса жұқпалы кеселдердің 13 түріне қарсы вакцина егілген. Сала мамандары төрт түліктің дертке шалдығуына қарсы шараларға қатысты мемлекет барлық жағдайды жасағанын айтады. Өңірде мал дәрігері мамандары да жеткілікті екен. Құрал жабдықтар мен дәрі-дәрмек қоры да қомақты деп сендіреді жауаптылар. Соған қарамастан, жыл басынан бері облыста түрлі кеселден қырылып қалған төрт аяқтылар саны 1200 ге жеткен.