«Бұл – біздің тау!» фестиваліне қатысушылар жолға шықты

242

Туристер, альпинистер мен қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен БАҚ қызметкерлері. Түрлі саланың тізгінін ұстаған жандар бүгін ерте Шымкенттің Әл Фараби алаңынан табылды. Қызметкерлердің басын қосқан – жыл сайын өтетін «Бұл – біздің тау!» фестивалі.

006

«Отырар» телеарнасының түсіру тобы да өзгелермен бірге Төле би ауданына аттанды. Екі күндік сапар кезінде жолаушылар тарихы тереңде жатқан «Сайрам-Өгем» ұлттық саябағын тамашалуға мүмкіндік алса, тілшілер тобы қорғауға алынған мемлекеттік саябақтың бар кереметін паш етпек.

Шара аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, суретшілердің сурет көрмесі өтеді деп жоспарлануда. Ал саяхаттаушылар бүгін 3535 метр биіктікте жатқан Өгем шыңын бағындырмақ ниетте және бұл бағындырған белесті Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнамақ.