Бәйдібекте 15 жасар бозбала жоғалып кетті

936

Бәйдібек ауданында жасөспірім жоғалып кетті. Ақтас ауылында тұратын 15 жасар жеткіншек 9 шілде күні Қошқар ата өзеніне балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған.

001 (5)

Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері аттанып, аудан әкімінің орынбасары Н. Айтбековтің төрағалығымен штаб ұйымдастырылды. Құтқарушылар бірнеше ауыл мен өзен бойын тінтіп шығады.

001 (2)

001 (4)

Үшінші күні құтқару шарасына Қазавиақұтқару мекемесінің тікұшағы да қатысты. Жалпы, 178 адам 13 арнайы техникамен іздегенімен, жоғалған жеткіншек табылған жоқ. Бүгін штаб өз жұмысын тоқтатқанымен, баланы іздеуді аудандық полицейлер жалғастырады.

001 (1)

001 (6)