Берік Оспанов Арыстағы құрылыстарды аралады

396

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып, ондағы құрылыс нысандардың жұмысымен танысты, азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Берік Оспанов алдымен Арыс-Шымкент тасжолы бойындағы өзен үстінен өтетін автомобиль көпірлерінің жағдайымен танысты. Бұл өткелде облыстық маңызы бар Шардара-Арыс-Темірлан бағытындағы көліктер үздіксіз қатынайтындықтан көпір күрделі жөнделмек. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар КХ-8 автомобиль жолындағы 209+480 көпірге 359 млн мың теңге, ал 218+690 көпірге 374 млн теңге бөлініп отыр.

006

 

 

Сапар барысында өңір басшысының бірінші орынбасары қала маңынан салынатын 12 га саябақтың орнымен және орталық қазандық ғимаратын күрделі жөндеу жұмысымен қанықты. Осы мақсатта облыстық бюджет есебінен 210 миллион теңге бөлінген.

Берік Оспанов қазандық ауыстырылғанымен құбырлардың да ескіргенін, ертеңгі күні жарылса, оны ең кемінде бес жылсыз жөндеуге болмайтынын, сондықтан қазірден бастап бұған жіті көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Құбырлардың жарамсыздығын анықтау үшін Кентаудан мамандар шақырып, Ресейдің сапалы өнімдерін қондыру керек.

007

Сондай-ақ, күрделі жөндеу жүріп жатқан 460 орындық жатақхананың құрылысында болған Б.Оспанов жауапты сала мамандарына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапалы әрі мерзімінде тапсырылуын қадағалауды тапсырды.

008

Сапар соңында Б.Оспанов тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Азаматтардың коммуналдық өтініштерін тыңдаған аймақ басшысының бірінші орынбасары жауапты тұлғаларға айтылған мәселелерді назарға алып жұмыс жасауды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі