Бір түнде екі ірі өрт шықты

596

Кеше Шымкентте екі ірі өрт тіркелді. Алдымен кешкі сағат 18:00-ге жуық уақытта дендросаябақтың аумағынан өрт шықты. Мұнда құраған шөп пен 100-ге жуық тал-дарақты өрт шалды. Тілсіз жау 65 соттық жерді шарпып, қураған шөп жанып кетті. Бұған қоса 100-ден астам ағашты өрт шалды.

012

 

Тілсіз жаумен 4 арнайы техникамен 15 өрт сөндіруші күресіп, 1 сағаттан асқанда толық сөндірді. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, өрт сол маңдағы жұмысшылардың салақтығынан шыққан болуы мүмкін. Қазіргі таңда 1 күдікті ұсталды деген ақпарат бар.

001 (1)

Ал түнгі сағат 2-ге жуық индустриалды аймақтан өрт шықты .Мұнда бұрынғы шина зауытының қоймасы өртенген. Түнгі дабылға алғашында 8 техника аттанғанымен, тағы да қосымша көмек қажет болды.

001 (2)

Бақытжан Запаров, ОҚО ТЖД бөлім бастығы: «Өрт болып жтқан жерге Шымкент гарнизонынан 11 арнайы техника мен 120 өрт сөндіруші аттанды. Бұған қоса ЛТД-Тұрмыс мекемесінің 4 су бөшкелі техникасын пайдаландық.»

Жүздеген метр жерді шарпыған қызыл алауды сөндіру үшін мол су қажет болды. Сондықтан теміржол цистернасымен су әкелуге тура келген.

001 (3)

Құтқарушылар 25 минутта тілсіз жаудың алдын алып, 1 сағатта толық сөндірді. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.