«Дефиле» ісіне қатысты екінші күдікті ұсталды

409

«Дефиле Люкс» дүкендер желісінің иесі, кәсіпкер Бақытбек Нұрмановқа қарамағындағы адамды ұрлауға көмектескен Мақсат Мәдиев ұсталды. Бұл туралы Әл Фараби аудандық прокурорының орынбасары Алмас Меңлібаев хабарлады.

004

23 шілде күні прокуратураның сенім телефонына бір тұрғын қоңырау шалып, Мәдиевтің жалдамалы пәтерде жасырынып отырғанын хабарлаған.

Осы мәліметті анықтау үшін аудандық прокурорлар полицияға хабар береді. Сөйтіп, пәтерді тексеру кезінде күдікті қолға түскен.

Айта кету керек, Мақсат Мәдиев 11 мамырдан бері іздеуде жүрген. Бұл іске қатысты жәбірленушілердің саны 5 адамға жеткен. Олар Мәдиевтің өздерін күштеп алып жүргенін, телефондарын тартып алғанын, ұрып-соққанын көрсеткен.

Қазір екі күдікті қамауда отыр. Олардың үстінен қылмысты кодекстің 4 бабы бойынша іс қозғалды. Ол – адамды ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, өзінше билік ету және тонау.

Еске салайық, 2015 жылдың мамыр айында Нұрманов пен Мәдиев Тахир Тахтоходжаевты ұрлап, бірнеше күн бойы саяжайда қамап ұстаған. Олар 2 млн теңгені тауып беруін талап етіп, ұрып соққан. Кәсіпкер Тахтоходжаев осыншама ақшаны талан-таражға салды деп қайтармақ болып, осындай әрекетке барыпты.