Оңтүстікте «Бұл – біздің таулар!» фестивалі өтеді

1462

31 шілде – 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Сайрам-Өгем ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты республикалық фестивалі өтеді. Бұл ауқымды іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналғалы отыр.

021

Оңтүстік Қазаќстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отырған бұл фестиваль шеңберінде жиналғандар Өгем тау жотасының шығыс жағындағы тауға шығып, оған «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шыңы» атауы беріледі. Биіктігі – 3535 метр.

Фестиваль аясында суретшілер конкурсы және олардың жұмыстарының көрмесі, этно-мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концерттері ұйымдастырылады. Баруға ниеттеріңіз болса, 31 шілде күні таңертеңгі 9:30-дан 10:00-ге дейін Шымкенттегі Әл Фараби орталық алаңынан арнайы көліктер жүреді. Барып, қатысуға мүмкіндігіңіз бар.