Оңтүстікте кәсіпкерлерге қызмет көрсету дамыған

482

Оңтүстікте кәсіпкерлерге қызмет көрсету деңгейі республика бойынша жоғары. Биылдан бастап кәсіпкерлерге жаңа қызмет түрі көрсетіле бастады.

005

Ол – жарнама орналастыруға, теміржолдың тұйықталған басының құрылысына техникалық шарттар алу және автожол құрылысын жүргізуге рұқсат қағаздарды алу. Орталық құрылғаннан бері 58 азаматқа ақпараттық қолдау көрсетілген, көлемі 34 млрд теңгені құрайтын 2 мыңнан астам жоба қаржыландырылған.

Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Олжас Тоғаев айтты. Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 4 бағытта жұмыс істейді. Олар: рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу, жобаларды мемлекеттік қолдау және қаржыландыру, консалтингтік қызмет және кәсіпкерлерді оқыту.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IyRpTbt9ShE[/youtube]

Жалпы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, кеңес алғандардың саны 58 475 адамды құраса, оның ішінде 6 айда 12601 кәсіпкерге сала мамандары кәсіби кеңес берген. Құны 34 млрд теңгенің 2612 жобасы қаржыландырылса, оның ішінде 6 айда 1,7 млрд теңге 109 жобаға бөлініпті.

Бүгінге дейін 18 мыңнан астам адам оқып, соның 4492-сіне соңғы алты айда кәсіпкерліктің қыр-сыры үйретілген. Орталықтың ықпалымен рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін алғашқы жартыжылдықта 741 кәсіпкерге сапалы қызмет көрсетілген.

006

Сонымен қатар салыққа қатысты 683 кеңес берілген. Ауыл азаматтарын шағын және орта бизнеспен айналысуына жағдай жасау мақсатында 14 ауданда кәсіпкерлік мектептері ашылған. Мұндай қолдау ешбір аймақта жоқ.