Сайрамда кәсіпкерлік мектебі мен екі білім ошағы ашылды

970

Оңтүстік Қазақстанда бастау алған «Астана күніне тарту – 75 нысан» акциясы аясында халқы тығыз қоныстанған Сайрам ауданында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсіпкерлік мектебі және екі білім ошағы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр мен аудан әкімі У.Қайназаров қатысты.

005

Облыстағы барлық аудан, қала орталықтарында бір типті үлгіде бой көтерген нысанда кәсіпкерлер үшін қаржы институттары мен әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері (кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлік мектебі, «Ырыс» шағын қаржы ұйымы, кәсіпкерлер палатасы, «Жер кадастр ғылыми өндірістік орталығы», ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі) орналасқан.

007

Енді сайрамдық кәсіпкерлерге өздеріне керекті ақпарлар мен қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік жасалып отыр. Облыстық бюджеттің 147,5 миллион теңгесіне салынған бұл ғимаратта арнайы жабдықталған екі оқу бөлмесі, «бір терезе» қағидасы аясында қызмет көрсететін операциялық зал және конференц залы бар. Құрылысы сегіз айда аяқталған нысанды «РСУ-1» ЖШС салды.

006

Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары Қарабұлақ елдімекеніндегі 900 орынды №17 орта мектептің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға ауыл тұрғындары мен ұстаздар, оқушылар арнайы келді.

008

Жиылған көпшілікті Астана күнімен құттықтаған Е.Садыр еңселі білім ордасын аралап, ондағы материалдық-техникалық базамен танысты. Жалпы, мектеп құрылысына республикалық қазынадан 924 миллион теңге бөлінген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JwE41VS-RNk[/youtube]

Облыстық құрылыс басқармасы тапсырысшы болып табылатын бұл мектепті де «РСУ-1» ЖШС жұмысшылары салған. Білім ордасы 4 лингафон кабинетімен, химия, билогия, физика сыныптарымен арнайы жарақтанған. Сонымен қатар 51 компьютер, үш жүз орынды асхана мен 308 орынды мәжіліс залы мен спорт залы да бар.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі