Шымкентте бір тәуліктегі 8 жол апатынан 9 адам зардап шекті

513

2 маусым күні түнгі сағат 22.30-да Қонаев даңғылының бойында «Митцубиси» және «Хюндай» автокөліктері соқтығысып қалды. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер «Митцубиси» автокөлігін басқарған 24 жастағы қыз жол ережесін бұзып, «Хюндай» автокөлігінің артынан келіп соққанын анықтады.

001 (1)

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Хюндай» автокөлігінң жүргізушісі дене жарақатын алған, Құдай сақтағанда оның әйелі мен 2 жасар қызы қауіпсіздік белбеуін тағып отырғанның нәтижесінде аман қалған. Зардап шеккендердің барлығына медициналық жәрдем көрсетілді.

001 (2)

Ал автокөлікті полицейлер айыппұл тұрағына алып кетті. Жүргізушінің үстінен Қазақстанның әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы – көлік құралдары жүргізушілердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамауы кесірінен көлік құралдарын немесе өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтіру әрекеті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Арада бір сағат өтпестен Шымкент қаласының шетінде тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Леңгірге баратын жолдың үстінде «Фольксваген-Гольф» және «Опель-Вектра» автокөліктері соғысқан.

002 (1)

Тексеру барысында «Опель» жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, көлікті басқара алмай, «Фольцваген» автокөлігіне соғысқаны анықталды. Соның салдарынан «Фольксваген» аударылып кеткен. Жүргізуші «Опельде» отырған жігіттер мас деп отыр.

002 (2)

Жол апатының кесірінен екі көліктегі екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарын алған. Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді, оларға медицниалық жәрдем көрсетілуде.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының себебін анықтауда. Автокөліктер айыппұл тұрағына жеткізілді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, Шымкентте соңғы тәулікте 8 жол апаты болып, 9 адам зардап шеккен.