Шымкентте жаңа электр стансасы іске қосылды

«Нұрсәт» шағынауданында «Солтүстік» инновациялық электр станциясы ашылды. Оның құрылыс жұмысы 10 айға созылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ААҚ-ның инвестициялық жаңғырту бағдарламасына сәйкес жүргізілген жоба ең қымбат жоба деп бағаланып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fqX9i6EqMpE[/youtube]

Миллиардтаған қаржы жұмсалған нысан Нұрсәт, Қайтпас-1, Нұртас шағынаудандарының тұрғындарына қызмет етеді. Тұрғын үй секторынан өзге әлеуметтік маңызға ие нысандар да дәл осы электр станциясынан жарық алады.

007+

 

Самитдин Нұртаев, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС жетекші инженері: «Электр станциясын салу кезінде отандық және шетелдік заманауи құрал-жабдықтар қолданылды. Негізгі құрал-жабдықтарды көлемі шағын. Бұл құрылыс жұмыстары кезінде өте ыңғайлы болды. Онда Кентау трансформаторлық зауыты өндірген қуаты 4000 ваттық 2 трасформатор бар. Ал өзімізде шығарылмайтын жабдықтар Ресей мен алыс шетелдерден әкелінді.»


Бірнеше қабатты және салмағы тоннаға жуық құрал-жабдықтардан тұратын электрстанциясы автоматты түрде жұмыс істейді. Сондықтан болар, тек бір ғана жұмысшы барлық жабдықты басқарады. Ал мәліметтер ағынын негізгі монитордан көруге болады. Заманауи подстанция қауіпсіз әрі үнемді.