Шымкентте жасыл желек қалпына келтірілуде

574

Шымкентте жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Көктемгі мол жауын-шашынның кесірінен биыл бұл шаралар жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылуда.

78787788Жұмысшылар заманауи техниканың көмегімен қураған ағаштарды ретке келтірді. Бұл қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, жергілікті халықтың қауіпсіздлігі үшін де маңызды. Тұрғындарға жайлы демалыс пен жақсы көңіл-күй сыйлайтын бірден-бір игілікті іс – осы.

Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатындағы жұмыстар қазір Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Цемпоселок, Шымкентстрой шағынаудандарында қызу жүріп жатыр. Аталған жұмыстар екі мердігер мекемеге – «Байтерек- Л.Б.» ЖШС мен «Экоспецтранс» ЖШС-не жүктелген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T9ngCiDnFHU[/youtube]

Шымкент қаласында көгалдандыру, жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау жұмыстары жыл сайын жоспар аясында жүргізіледі. Тек биылғы жауын-шашынның жиілігі бұл бағыттағы жұмыстарды екі есеге арттырып жіберген.