Шымкенттің жаяу жүргінші жолдары базарға айналған

511

Жаяу жүргіншілер жолын жеке қажетіне жаратып отырғандар Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойына да жайғасқан. Мұндағы жолдың жиегінде киім-кешектен бастап бақша өнімдеріне дейін сатылады. Заңсыз сауданың көркін қыздырғандардың алдынан контрафакті дискілерді де кезіктіресіз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3yObFEmzrGU[/youtube]

vlcsnap-2015-07-24-18h11m57s169

Мұнда үкімет арнайы заң шығарып, тыйым салған ойын автоматтары да бар. Бірақ ешқайсысының иесі жоқ. Қалдаяқов көшесіндегі былыққа жол бермейді деген учаскелік инспектор ләм-мим деп тіл қата алмады. Ең соңғы рет түсіндірме жұмыстарын қашан жүргіздіңіз деген сауалға жауап та бермеді. Құзыры жоқ көрінеді.

 

Ал жол жиегін тамақтандыру орнына айналдырып алғандар тексеру комиссиясын көре сала қашып кетті. Тек самса пісіріп, нәпақасын тауып жүрген өзбек азаматтары тұтылды.

Сондай-ақ, көпшілікке «Ескі қала» атауымен таныс Әйтеке би көшесінде де жүріп-тұру мүмкін емес. Көше бойын құрылыс материалдарына толтырып тастаған кәсіпкерлерге сан рет ескерту беріліп, талай рет айыппұл салынған. Алайды айылын тияр олар жоқ. Бұл жолы да қатаң ескерту беріліп, жаяу жүргіншілер жолы ашылды.