Тұлпар көлі күзде пайдалануға беріледі

692

Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып келген «Тұлпар» көлі жаңа кейіпке енеді. Енді бірер айда көл жағасы адам танымастай өзгеріп, қаланың көркін ашатын нысанға айналады. Көпшілікке танымал демалыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ.

005

Ал әзірге көл қаңырап тұр. Мұндағы мөлдір судың орнын құм, шаң, лай басқан. Бұл ретсіздік үш-төрт айға созылмақ. Өйткені нысанда қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізулуде. Бұл үшін мемлекет қазынасынан 1 млрд 941 млн теңге бөлінген. Ол қаржыға су жүргізу, көгалдандыру, аймақты қоршау сынды жұмыстар атқарылуда.

Талғат Төлебаев, техникалық байқау инспекциясының өкілі: «Қазір жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Қараша айында бітіреміз деп отырмыз. Құрылыс былтырғы мамыр айында басталған.»

Аумағы 15 гектарды алып жатқан демалыс орнында 150 құрылысшы еңбек етуде. Нәтижесінде қайта жаңарту жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Енді тек жаяу жүргіншілер жолы мен су қайықтары аялдамасының соңғы жұмыстары қалған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=O4XNNE-aNds[/youtube]

Тұлпар демалыс аумағын абаттандыру жұмыстары жоспар бойынша қараша айының отызыншы жұлдызында аяқталуы тиіс. Ал мердігер компания басшысы нысанды мерзімінен бір ай бұрын тапсырамыз деп отыр.