Жаңа жатақхана салынуда

349

008

Шымкентте жаңа жатақхана бой көтеруде. Бұл үшін бюджеттен 1 млрд 140 млн теңге бөлінген. Ғимарат 500 студентке арналған. Құрылыс жұмыстарын «Корпорация Ақорда» серіктестігі жүргізіп жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kdl-PqVZF34[/youtube]

12 қабатты жатақхананың құрылысы былтыр наурыз айында басталған. Сондай-ақ, №4 қалалық жатақхана да күрделі жөндеуден өтуде. Ғимараттың есік-терезесі және едені толығымен ауыстырылады. Айта кетейік, мұндағы жөндеу жұмыстары бір айға кеш басталған. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания басшылығы жатақхананы тиісті уақытында пайдалануға береміз деп жоспарлап отыр.