Құрылыс материалдары әзірге қымбаттаған жоқ

823

Шымкентте құрылыс заттарының құны әлі көтерілген жоқ. Бірақ бұған қуанып, сүйінші сұрау әзірге ерте. Өйткені шет елден импортталатын тауар бағасы қымбаттауы әбден мүмкін. Ескі қалашықта орналасқан құрылыс материалдарын сататын дүкен сатушылары осылай деп отыр.

006

Әзірге өзімізде өндірілетін бұйымдардың бағасы қаз қалпында. Цементтің қабы 1000 теңге, эмальды бояулар 2000 теңгеден жоғары саудаланып жатыр. Сатушылардың айтуынша, жуық арада Ресей мен Қытайдан импортталатын құрылыс материалдарының құны шарықтауы әбден мүмкін. Оның үстіне мұндай бұйымдардың басым бөлігі аспан асты елінен тасымалданады екен.

Осы орайда айта кету керек, бағалардың күрт өсу фактілері бойынша ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстіктегі департаментіне хабарласуларыңызға болады. Сенім телефоны – 53-42-63. Ресми өтініштер қабылданады.