Қонаев даңғылы жөнделуде

415

001

Шымкенттегі орталық көше – Қонаев даңғылында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Мұнда жол жөнделіп жатыр. Мамандар 3-4 күн жағдай осылай болады дейді. Асфальт қабатының шөгуіне байланысты мұнда өткен аптаның соңында жөндеу жұмыстары басталған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CjxkshTIEks[/youtube]

 

Мердігерлер жолдың 130 метрлік бөлігін қайта қалпына келтіреді. Құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімдігі мамандарының мәлімдеуінше, жолдың бүлінуіне жиектегі жасыл желекті суару жұмысы себеп болған. Жалпы, биыл қала көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 200 млн теңгеден астам қаржы қаралыпты.

002