Қосымша көшелерге жарық беріледі

665

Түнгі уақытта Шымкенттің тек орталық көшелерінде ғана жарық бар. Тұрғындар осылай дейді. Ресми мәлімет бойынша Шымкент қаласында 400-ге жуық көше бар.

007

Оның 100-ден астамында жарық бағаналары орнатылып, сағат кешкі 21:00-ден таңғы 05:00-ге дейінгі аралықта электр жарығы қосылады.

Ал биыл қаланың тағы 20-дан астам көшесі жарықтандырылады. Ол үшін қазынадан 400 миллионға жуық теңге бөлінген. Жұмыс қыркүйек айында атқарылады деп күтілуде.