Дәрі-дәрмек бағасы әзірге тұрақты

395

Дәріханаларда жиі қолданылатын дәрі-дәрмектің құны қымбат­тамауы тиіс. Әрі осы дәрілердің баға­сының тізімі әрбір медициналық мекемеде ілініп тұруы керек. Тұрақты бағаны сақтап қалу үшін отандық және халықаралық дәрі өндірушілер мен сауда өкілдерінің арасында арнайы келісім-шарт түзелген.

Алайда, редакциямызға дәрі-дәрмектің бағасына алаңдаған ағайын көптеп хабараласып, бағаның көтерілгені туралы шағымдануда. Бүгін түсірілім тобы бірнеше дәріханалардаға бағамен танысуға шықты. Алайда, бірқатары бағаның бағамын айтпақ түгілі есіктерінен сығылатпады. Десе де, қарашаның қамын ойлаған дәріханалар бар екен.

006

Зоя Михайлова дәріханаға жиі келеді. Әжейдің денсаулығы дәрі-дәрмекке тәуелді. Нарықтағы бағаның құбылуы кезінде қарт кісіні «дәрі құны тағыда көтеріле ме» деген сауал мазалайды.

Алайда жауапты мамандар доллар бағамының құбылуына байланысты жиі қолданылатын 200 дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамайды деп сендіреді. Атап айтқанда қабынуға қарсы, ауыруды басатын, дене қызуын, яғни ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектер, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер мен жара таңғыштар.

Дегенмен бұл сөз жүзінде берілген уәде ме дерсіз. Өйткені қаладағы бірнеше дәріханалардағы бағаны өз көзімізбен көре алмадық. Тек бір ғана «Зерде» дәріханалар желісіне тиесілі сауда орталығына кірдік. Мұнда бағаның бір қалыпты екеніне көз жеткіздік.

Айта өтейік, бағасы қымбаттамайды деген тізімде дәрілердің басым көпшілігі – отандық фармацевтика өнімдері. Сондықтан жеңілдікпен дәрі алғыңыз келсе, бірден өндірушіге, одан кейін тізімге қараңыз.

Лаура Мамырова