Ретсіз саудамен күрес науқанмен аяқталмайды

371

Шымкент көшелеріндегі ретсіз саудамен күресу науқандық емес дейді қала әкімдігінің мамандары. Өйткені заңсыздыққа баратын кәсіпкерлер азаймай тұр.

006

Ретсіз сауда орындарын тексеруге бұл жолы Қаратау ауданының әкімдігі шықты. Бұған дейін қалаға қосылған Сайрам тұрғын алабында үздіксіз жұмыс жасайтын жұмысшы тобы Қайтпас шағынауданындағы қаз-қатар тізілген дүңгіршектерді алып тастады.

005

Аудан көлемінде төрт айдың ішінде 102 ретсіз сауда орны жойылыпты. Шаһарда бұл жұмыс жалғасын табады дейді жауаптылар. Себебі бір ғана Қаратау ауданында заңсыз тұрған 77 дүңгіршек әлі жұмысын емін-еркін жасап жатыр.

Мақсат Жолдасбеков, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары: «Біздің тұрғындар түсінулері тиіс – бұл дүңгіршектер қала көркін бұзады. Әркім ойына келгенін жасайды. Біздің ескертуімізден кейін саудагерлер өздері түсіністікпен қарап, дүңгіршектерін алып тастаса дейміз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=36VoLwohTEA[/youtube]

Бір қызығы, Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары осы ретсіз сауданы жоюға құзырлы мекемелерге бірнеше рет хат жолдағандарын айтады. Өкінішке орай нәтеже жоқ. Ол – ол ма, тіпті, учаскелік полицейлер көше сауданының қызуына септігін де тигізетінге ұқсайды. Мысалы, Арғынбеков және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы қауын-қарбыз сататындар учскелік полицейлерден рұқсат алғандарын айтып отыр.

Әл Фараби ауданына қарасты учаскелік полицейлермен хабарласқанымызда заң талабына сай екі рет айып салғандарын жеткізді. Екі айда бар болғаны екі рет айып салған полицейдің жұмысын енді амалсыз аудан әкімдігі атқаратын болады.

Нұрлан Жаңабай