Сарыағаштағы жылыжайлардың көлемі 440 гектардан асты

223

Сарыағаштағы жылыжайлардың көлемі 440 гектардан асты. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов айтты.

008

Ауданның алты айдағы әлеуметтік-экономиалық даму қарқынын бағамдаған Б.Рысқұлұлы алғашқы жарты жылда ішкі аумақтық өнім көлемі 50 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22,6 пайызға өскенін жеткізді. Халық тығыз қоныстанған ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер 25 мыңнан асып, осы салада салада еңбектенетіндер 44 мыңға жуықтаған.

Аудандағы 440 гектар жылыжайда бес мың адамның тұрақты еңбекпен қамтылып, жұмыссыздық көлемі 5,3 пайызды құрап отыр. Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 17 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артқан.

Аудандағы 142 мектепте 70 мыңнан астам оқушы оқиды. Апатты мектептердің санын азайту үшін қолға алынған нақты шаралардың нәтижесінде биылғы 1 қыркүйек – білім күні қарсаңында тоғыз жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Жалпы Сарыағаштағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі