Шымкентке түрік бағбандары келді

668

Шымкент қаласындағы «RS агрогруп холдинг» ЖШС-нің алма бауында семинар өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген бау-бақша бағбандары қатысты. Басты мақсат – «Sungenta» мекемесі шығаратын химиялық нитраттарды дұрыс қолдануды үйрену.

004

Жиында бақша өнімдерін құрт-құмырсқалардан сақтау жолдары түсіндірілді. «RS агрогруп холдинг» ЖШС-нің бұл алма бауы 2013 жылы егілген. Көшеттер Түркияның «Гүлбұдақ» мекемесінен алынған.

Биыл алғашқы рет гүлдеп, жеміс салған да екен. Өкінішке қарай, көктемгі аяз бау-бақша өнімдеріне айтарлықтай зиянын тигізген. Соған қарамастан екі гектар алма алқабынан 5 тонна өнім жиналыпты. Бүгінгі кездесуге Түркия мамандары да арнайы келіп қатысты.

006

 

Сағын Қаратаев, «RS Агрогрупхолдинг» ЖШС директоры: «Біз Қазақстанға көшет сатып қана қоймай, оның жерсініп-өсуін де бақыладық. Біздің осыдан екі жыл бұрын еккен көшеттеріміз алғашқы жылдың өзінде 7 тонна өнім берген. Әрине, оған қуаныштымыз.»

Соңғы жылдары облыста қарқынды алма бау өсіру қолға алынды. Мамандардың мәлімдеуінше, бүгінде егілген баудың көлемі екі мың гектарға жуақтаған. Ең бастысы осы бау-бақшаның өніп-өсуін ауыл шаруашылығы институттары да бақылауға алып, егілген ағаш көшетерін күтіп ұстауға түрлі кеңестерін береді.

005

Лесбек Қонысбаев, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығын ҒЗИ бөлім басшысы: «Біздің институт бау-бақшаға қажетті химикаттарды зерттеп, оның тиімдісін бағбандарға ұсынады. Және қанша мөлшерде пайдалану қажеттігін де түсіндіріп, тығыз жұмыс жасаймыз.»

Бұған дейін көшетерін түрік елінен әкелетін «RS Агрогрупхолдинг» ЖШС өздері көшет өсіруді де қолға алыпты. Өткен жылы 100 мың түп көшет сатылса, 2016 жылға жоспар – 200 мың түп. Сондай-ақ, бау-бақша егіп машықтанған мамандар гектарынан 50 тонна өнім алынбаса ол қарқынды бау-бақша тиімсіз дейді.