Қоқыс жәшіктері жаңаланады

557
Қоқыс жәшіктері

Шымкент қаласындағы қоқыс алаңдарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Абай және Еңбекші аудандарында қоқыс жәшіктері жаңаланып, алаңша жөнделген болатын. Ендігі кезек Әл Фараби ауданына да келіп жетті.

Қоқыс жәшіктері

Студентер қалашығындағы ескі қоқыс контейнерлерінің қашан орнатылғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Есесіне енді осы маңнан жаңа алаңша салынады. Еуроүлгідегі қоқыс жәшіктері қойлады. Ал қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекеме оны тәуіліге екі рет тазаламақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NlPXD292EZM[/youtube]

Әл Фараби ауданы бойынша, 160 қоқыс алаңшасы бар. Былтыр оның 8-і ғана жаңартылған болатын. Ал биыл бұл жұмыстарға бюджеттен 60 млн теңге бөлініпті. Енді барлық қоқыс алаңшалары жөнделмек. Құрылыс қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қолқаны қабатын қолаңса иіс пен қордаланған қоқыстан құтылатын күн жақын. Тек тұрғындар қоқысты сұрыптап тастауды үйренсе болғаны.

Нұрлан Жаңабай