Монтайтас ауылында өрт әлі жалғасып жатыр.

546

отМонтайтас ауылында өрт әлі жалғасып жатыр. Бүгін редакциямызға ауылдың бірнеше тұрғындары хабарласты. Айтуларынша, мал азығы мен қора қопсысы өртенген үйлер саны 15 ке жетіп отыр.Ауылда өрт сөндіру қызметі мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде. Алайда, бұзақылар әлі күнге анықталмапты. Арнамызға хабарласқан тұрғындар жергілікті халықтың қысқы дайындығын күлге айналдырғандардың құрықталмай отырғанына наразы. Сондай-ақ ешқандай өтемақының төленбейтіні де монтайтыстықтардың ашу-ызасын туғызуда.