Оңтүстікте 202 гектар жер аумағы өртке оранды

448
Дала өрті

Биыл Оңтүстікте 202 гектар жер аумағы өртке оранды. Орманды және жазық далалардың келтірілген шығыны тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған техникаларды қоспағанда, 2,5 миллион теңгеден асып жығылған. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, биыл өрт оқиғасы әсіресе ашық дала аумақтарда көптеп тіркелген. Яғни, жазық аумақтың 164 гектары отқа оранған. Өкініштісі сол – далада тұтанған от егістік алқаптарына да лап қойыпты.

Дала өрті

Нұрболат Педен, облыстық ТЖД аға инженері: «Биыл мысалы, сол от тұтанған шөптер бидай алқаптарына жеткен жағдайлар боп жатты. Комбайн өзге де жүк көліктері өртеніп, әжептеурім шығынға ұшырады. Тағы бір айтатын жәйт, бидай егетін ұйымдар, фермерлерге өздерінің жан-жақтарынан минералды жолшықтарды жерден міндетті түрде жыртып, қауіпсіздік шараларын жүргізсе екен дейміз».