Шымкентте Ордабаевтың жүлдесіне арналған жарыстың соңы жаппай төбелеспен аяқталды

296
Жарыстың соңы төбелеспен жалғасты

Оңтүстіктің қос командасы допқа таласамын деп жүріп, ала допты жұдырыққа айырбастады. Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған жарыстың соңы жаппай төбелеспен аяқталды. Оңтүстік дербиі бапкерлердің есінде шәкірттерінің төбелесімен есте қалары даусыз. Облыстық және қалалық футбол мектебінің шәкірттері халықаралық турнирдің жеңімпазы атану үшін таласқан болатын. Екінші таймда шымкенттіктер қақпаны бағындырып, тараз басын теңестірді.  Алайда, қызғылт сары жейдедегі облыстық футбол мектебінің ойыншысы допты қағып алып, оның гол соғуы жиналғандар арасында дауға айналды. Бірі қолымен қақты десе, өзгелері иығымен ойнады деседі.

Шымкентте Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған жарыстың соңы жаппай төбелеспен аяқталды
Жарыстың соңы төбелеспен жалғасты

Қалай болған күнде де төреші голды есептеді. Алайда, араға бірнеше минутты тастап, қызылдағы ойыншылар тараз басын теңестіре алды. Әділдік орнады деп шешті даудың белсенділері. Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир  бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бастапқыда 12 команда сынға түскен болатын. Ал ақтық сынаққа оңтүстіктің қос командасы шықты. Дауласып жүріп, ойын тең есеппен аяқталды. ендігі кезекте 11 метрлік айып соққылар жарыстың тағдырын шешетін. Нәтижесінде облыстық футбол мектебінің ойыншылары жеңіске жетті. Ал шымкенттіктер күмістен алқа тақты. Қола медальды алматылық қонақтар жеңіп алды.