15 қазан – кітапханашылар күні

1927
Отырар кітапханасы

15 қазан- кітапханашылар күні. Осы орайда облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі өңіріміздегі кітапханашыларға қатысты мынадай мәліметтерді ұсынады.

Отырар кітапханасы

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 427 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетуде. Оның ішінде 335 ауылда кітапхана жұмыс істейді.

Облыс кітапханаларындағы оқырмандар саны 430 мыңнан асады. Кітап қоры қазіргі таңда 7 118 272 мың данаға жетті. Бүгінде 5 облыстық кітапхананың электрондық қоры – 13 052 кітап. Облыс бойынша 978 кітапханашы жұмыс істесе, оның 372-сі – ауылда.