Астана даңғылының құрылысына қатысты қоғам пікірі тыңдалады

Астана даңғылы

Астана даңғыл жолының құрылысы жалғасады. Жоба барысы туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мәлімдеді.

Астана даңғылы

Әңгіме қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай шағынауданындағы Тәуке хан көшесіне дейінгі жер туралық. Осы мақсаттағы қоғамдық тыңдау 1 желтоқсанда, сағат 11:00-де Тассай шағынауданындағы №118 мектептің акт залында өтеді.

Онда көтерілетін жобаға қатысты ақпарлармен танысып, өз ұсыныңызды білдіру үшін Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі, 108 үй, 301-кабинетке баруға болады.